олимпиада

«Юный Интеллектуал»
среди учащихся 1-4 классов

Бірінші іріктеу кезеңі:
⠀✅ 7 желтоқсан
Кеңес алу
Call Close
Телефон нөміріңізді қалдырыңыз, біз сізбен хабарласамыз!
немесе өзіңіз бізбен хабарласыңыз:
+7 (705) 447-36-44
ЖАҢАЛЫҚТАР
Математика пәнінен олимпиада.
Бірінші іріктеу кезеңі.
Ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың математикаға деген қызығушылығын дамыту, дарынды және талантты оқушыларды анықтау үшін оңтайлы жағдай жасау мақсатында "INTELLECT" физика-математика орталығы "Астана Дарыны" дарынды және психологиялық қолдау орталығымен бірлесіп 2019 жылдың 7 желтоқсанында сағат 11:00-де жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушылары арасында математика пәнінен "Жас Интеллектуал" олимпиадасын өткізеді.
7 желтоқсан — математика
Олимпиаданың басталуы сағат 11:00-де.

Тіркеу басталуы 10:00-ден 10:40-қа дейін.
Маңызды!
Олимпиаданың өтетін орны: Экономикалық Лицей, Түркістан көшесі 8/3
Олимпиадаға қатысушыларды Астана уақыты бойынша 11:00-де жинау және тіркеу.
Олимпиаданың ұзақтығы 1 астрономиялық сағат (60 минут).

Қатысушыларды тіркеу жабық.

Бұл олимпиадаға қатысу тегін. Олимпиада тапсырмалары мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Олимпиадаға алып келу керек:
- 2 қалам (қара немесе көк түсті),

— 1 таза дәптер, этикеткасы жоқ су бөтелкесі, - шоколад (қытырламайтын қаптамада) немесе қалауы бойынша банан.

Олимпиада аяқталғаннан кейін қатысушылардың барлық жұмыстары ұйымдастыру комитетіне және олимпиаданың қазылар алқасына тексеруге жіберіледі, апелляция қарастырылмаған.

Олимпиада нәтижелері олимпиада жазылғаннан кейін 1 айдан ерте емес уақытта қолжетімді болады және "INTELLECT"физика-математика орталығының сайтында жарияланады.

Математика пәнінен "Жас Интеллектуал" олимпиадасы 2 кезеңнен тұрады. 1-ші кезең іріктеу кезеңі болып табылады.

Олимпиада сұрақтары бойынша төмендегі нөмір арқылы хабарласыңыз:
8 705 447 36 44

Жұмыс уақыты дүйсенбіден сенбіге дейін 09:00-ден 20:00-ге дейін.
Олимпиаданың өтетін орны:

Астана қаласы, Экономикалық лицей, Түркістан көшесі 8/3