олимпиада

Олимпиада нәтижелері

Іріктеу турының нәтижелері
Кеңес алу
Call Close
Телефон нөміріңізді қалдырыңыз, біз сізбен хабарласамыз!
немесе өзіңіз бізбен хабарласыңыз:
+7 (705) 447-36-44
Жаңалықтар
Математика олимпиадасының нәтижелері
І іріктеу кезеңі
7 желтоқсанда Экономикалық лицейдің базасында Нұр-Сұлтан қаласындағы орта мектептердің 1-4 сынып оқушылары арасында математикадан қалалық «Жас зияткер» байқауының бірінші іріктеу туры өтті.

Бұл олимпиаданың ұйымдастырушысы және демеушісі физика-математика «Интеллект» орталығы, «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығы.

Бұл олимпиаданың мақсаты: ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың математикаға деген қызығушылығын дамыту, дарынды оқушыларды анықтау үшін оңтайлы жағдайлар жасау.

Олимпиадаға Нұр-Сұлтан қаласының барлық мектептерінен 250-ден астам қатысушы қатысты, тапсырмалар екі тілде (мемлекеттік және орыс тілдерінде) берілді. Олимпиаданың барлық қатысушыларына қатысу сертификаты беріледі.

Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша ең көп ұпай жинаған: 1,2,3 орындар алған оқушылар II турға жіберіледі.
II финалдық кезең қашан өтеді?
Олимпиаданың II қорытынды туры 2020 жылдың 18 қаңтарында өтеді.
Қонаев көш. 14, ТҮК "Нурсая-1" , СП-11, кабинет №6
Олимпиада нәтижелерін жүктеп алыңыз
Олимпиаданың барлық қатысушыларына алғыс айтамыз! Экономикалық лицейдің мектеп директоры Сыздықова Бақытгүл Рахымбекқызына, сондай-ақ бүкіл мектеп әкімшілігіне Олимпиаданы өткізуге алаң бергені және осы шараны ұйымдастыруға көмектескені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Қатысу сертификаттарын 2020 жылдың 6 қаңтарынан бастап Иманов көшесі 26, «Абсолют» бизнес орталығы, 2-қабат, № 207 кабинетінен алуға болады.